Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғыннан сөмкесінен өсімдік тектес есірткі заты бар пакет табылды

Түркістан облысының полицейлері есірткі өсірген және сақтаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтау жайтын анықтап, жергілікті тұрғынның үйінен табылған қарасора егістігін жойды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданының тұрғынын ұстады. Оның сөмкесінен өсімдік тектес есірткі заты бар пакет табылды.

Сонымен қатар, жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде, оның бақшасынан қарасораға ұқсас төрт түп есірткі затын тапты. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде алынған есірткілерді сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, олар жалпы салмағы 550 гр асатынкептірілген марихуана” және “қарасора” түптері болып шықты.

Аталған жайт Бәйдібек аудандық ПБ-не ҚР ҚК-нің екі бабы: 296-бап “Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз қолданужәне 300-бап “Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірубойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен күдіктінің үйінде есірткіні қандай мақсатпен сақтағаны және өсіргені анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру