Үйінде есірткі сақтаған күдікті бұрын 11 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған рецидивист болып шықты.
Алматы облысында қызметтік ит баспалдақтың астынан аса ірі көлемдегі гашишті тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының 37 жастағы тұрғынының жеке үйінде қызметтік-іздестіру итімен тінту жүргізіп, баспалдақтың астынан пакеттегі есірткіні тапқан.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 1 кг.586 грамды құрайтын гашиш болып табылады.
Күдікті бұрын есірткі пайдаланғаны және сақтағаны үшін 4 рет және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін 7 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған рецидивист болып шықты, оның соңғы соттылығы 2020 жылдың маусым айында өтелген.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары өткізілуде.