Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінің ауласына есірткі өсірген ақтаулық қамалды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шараларының екінші кезеңін өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның бірінші күні 2021 жылғы 24 мамырда есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты екі қылмыс анықталды.

Мәселен, Мұнайлы ауданында есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды. Ол «героин» есірткі заттарын сатумен және сақтаумен айналысқан. Адамның әрекетін бақылау мақсатында есірткі затын сатып алу операциясы жүргізілді. Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Екінші дерек Ақтау қаласында орын алды. Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның жеке үйінің учаскесінде «конопля» сортының өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады. Тінту барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің бұталары алынды. Санау барысында олардың 14 бұта екендігі анықталды. Сонымен қатар, пневматикалық қару тәркіленді. Ер адамға қатысты ҚР ҚК 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ақтау қаласының дәріханасында фармацевттің құрамында кодеин бар «Трамадол» дәрілік затын рецептісіз сату фактісі анықталды. Материал ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша хаттама жасау және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы Маңғыстау облысының аумағында 2021 жылғы 24-28 мамыр аралығында өткізілді, оның мақсаты медициналық мекемелерде, фармацевтикалық объектілерде және өнеркәсіптік кәсіпорындарда есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеу қағидаларын бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру