Ұландықтар қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирде топ жарды
Ұландықтар қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирде топ жарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
1–2 қараша күндері Қостанай қаласында әлем чемпионы Руслан Мұқановтың құрметіне арналған қоян-қолтық ұрыстан XV халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 220-дан астам спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы құрамасындағы "Burkit Team" командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Турнирдің басты мақсаты — жастарды патриотизмге, спорт пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақты дене шынықтыру мен жекпе-жек спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға ынталандыру.

Жарыс сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтті. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өз бөлімдерінің намысын лайықты қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Жеке біріншілік нәтижелері:
Айдын Кабдусалимов — Ұлттық ұлан академиясының курсанты, 67 келіге дейінгі салмақта 1 орын;
Жандос Ғалымжанов — 6697 әскери бөлімінің қатардағы қызметшісі, 67 келіге дейінгі салмақта 2 орын;
Байбол Қуанышов — Ұлттық ұлан академиясының курсанты, 73 келіге дейінгі салмақта 1 орын;
Жарас Сағын — 6697 әскери бөлімінің қатардағы қызметшісі, 73 келіге дейінгі салмақта 3 орын;
Нұрбол Яхияханов — 6697 әскери бөлімінің қатардағы қызметшісі, 80 келі салмақта 1 орын;
Тамерлан Жолдыбай — Ұлттық ұлан академиясының курсанты, 88 келіге дейінгі салмақта 2 орын;
Искандер Жайқабаев — Ұлттық ұлан академиясының курсанты, 97 келіге дейінгі салмақта 2 орын.
Осылайша, Ұлттық ұлан спортшылары жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, жеңіске деген жігері мен табандылығын көрсетті. Бұл олардың спорттағы жетістігімен қатар, Отан алдындағы адал қызметінің де айғағы болды.
