Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлы Отан соғысына қатысқан 92 мың жамбылдықтың есімдері мәрмәр тақтаға жазылды

Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ұлы
ерлігін еске алу,  азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің патриотизм сезімін дамыту, Ұлы Отан соғысы ұрыс даласында қаза тапқандарды және бейбіт уақытта өмірден өткен ардагерлерді еске алу мақсатында Тараз қаласында шара өтті. Оған, басқа қатысушылармен қатар, Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында, 1941 жылғы тамызда Алматы қаласында құрылған және Мәскеуден Берлинге дейін жауынгерлік жолын өткен 8-гвардиялық мотоатқыш Режицалық Ленин ордені Қызыл Тулы Суворов Совет Одағының батыры генерал-майор И. В. Панфилов атындағы дивизиясының Жауынгерлік Ту көшірмесін салтанатты қабылдау және тапсыру рәсімі өткізілді. Акция «Жеңіс» саябағында басталуын алды. Ұлы Отан соғысына қатысқан 92 мың жамбылдықтың есімдері парктегі мәрмәр тақталарында бейнеленген. Мұнда Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы Бауыржан Момышұлының ескерткіші қойылған «Мәңгілік алау» мемориалының жанында соғыс қатысушылары сөз сөйледі. Дәл осы жерге әскери қызметшілер, ардагерлер мен жастар гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.
Жамбыл облысының бірінші штаб басшысы Ұлы Отан соғысына қатысушысы, қайсарлығы, батылдығы мен батырлығы үшін бірінші дәрежелі Отан соғысы Орденімен, екі мәрте «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған полковник Халилулле Дармахановқа азаматтық қорғау қызметкерлері және Жамбыл облысы төтенше жағдайлар ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бейбіт Бейсембаевқа құрмет көрсетті.
Ардагерге бейбіт аспан үшін алғыс айтып, сыйлықтар табыс етілді.
Бұдан басқа, осы ұлы күн қарсаңында Төтенше жағдай департаментінің барлық бөлімшелерінде Ұлы Отан соғысы, оның жауынгерлері мен олардың
батырлық әрекеттері туралы, бүкіл Кеңес халқы өткен ауыр күндер мен
жақындарынан айырғандары туралы, ерлікті, мейірімді жүрек пен Отанға
деген сүйіспеншілікті сақтаған жеңімпаз жауынгерлер туралы жас ұрпаққа
арналған естелікті мүмкіндік беретін дөңгелек үстелдер, кездесулер және
сұхбаттар өтетін болады.
Бұл патриоттық акция жастарға тағыда тарихқа бет бұруға, ата-бабаларының ерліктері үшін мақтаныш сезімін сезінуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру