Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер үш айда 43 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Жамбылдық полицейлер үш айда 43 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында облыс аумағында Жамбыл облысы Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөліністерінің жеке құрамының барынша қатысуымен қызмет көрсетілетін аумақтарда халықтың мәселелерін зерделеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен барлығы 43 494 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Атап айтсақ, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер – 926 дерек, жалпы пайдалану орындарының ластануы – 2 440, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 3 628, Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру – 8 590, сондай-ақ 1 585 кәмелетке толмаған жасөспірім түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ішкі істер органдарына жеткізілді. Қабылдап-тарату орнына белгілі тұрғылықты жері жоқ 150 адам орналастырылды.

175 мыңнан астам пәтер мен 225 мың жеке үйді аралау жүргізілді.

Құжаттарсыз жалға берілетін 4 300-ге жуық пәтер анықталды. Олар бойынша ақпарат Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. ІІО есебінде тұрған 330 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру