Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

28 жастағы полицей-қыз СҚО-ның үздік анықтаушысы болып танылды

28 жастағы полицей-қыз СҚО-ның үздік анықтаушысы болып танылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция аға лейтенанты Назгүл Омарова ішкі істер органдарында 2017 жылдан бастап қызмет атақарады. Қысқа мерзім ішінде ол Пертопавл қ. ПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы болды. Биылғы жылы қызметінің нәтижесі бойынша Назгүл облыстың үздік анықтаушысы деп танылды. Әріптестері Назгүлдің жетістіктерінің сыры – оның өзін-өзі әрдайым жетілдіруінде және мақсатына жетуге талпынысында дейді. Пікірлерінше, Назгүл –сауатты, ұқыпты, жұмысқа деген қабілеті жоғары қызметкер.

Жыл басынан оның өндірісінде 160 түрлі іс қаралған. Анықтаушылар көбінесе ұрлықтармен ұшырасып жатады, бұл қылмыстың барынша кең тараған түрі. Алайда Назгүлдің көлік айдап әкету, еңбекті қорғау қағидаларының бұзушылығы, жалған құжаттар әзірлеу, алимент төлемеу және тағы басқа қылмыс түрлерімен жұмыс жасауына тура келген.

Өз тәжірибесіндегі қызықты жағдайлардың бірі – шекараны заңсыз кесіп өту және заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыру фактілері деп тоқтала кетті. Көктемде Петропавлда жалға берілетін пәтерлердің бірінде қазақ, орыс тілдерін білмейтін, елімізге келудің заңдылығын растайтын құжаттары жоқ төрт шетелдікті анықтадық. Олармен аудармашы арқылы тілдесу мүмкін болды. Назгүл шекара қызметінің қызметкерлері көмегімен Қазақстанға шетелдіктердің өту арналарын анықтаумен айналысты, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Түркістан облысына барды. Ол жинаған материалдар аумақтығы бойынша түркістандық әріптестеріне тапсырылды.

– Істер бір-біріне ұқсамайды. Әр жағдай онымен байланысты заңдар жинағын мұқият зерттеуді талап етеді. Ең қиыны – әрқайсысы адам психологиясын түсінуді талап етуі. Бұл біздің жұмысты қызықты ете түседі. Мен жаңалықтармен бетпе-бет келгенді ұнатамын. Осы қасиет мені полицияда қызметке әкелді. Отбасымда полицияда қызмет атқарғандар жоқ, менің шешімім туыстарым үшін күтпеген жағдай болды. Мен бірден дұрыс таңдау жасағанымды түсіндім: полициядағы қызмет маған өмірді жаңа қырынан тануға, өз іс-әрекетіме жауапкершілікпен қарауға үйретті, – дейді Назгүл.

Мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облыстың үздік анықтаушысы атағына ие болған жас қызметкерге СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев ҚР ІІМ министрінің алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру