Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлыбритания Елшілігі Алматы облысы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс білдірді

Ұлыбританияның Елшілігі Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінің қызметкерлеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Ұлыбритания елшілігінен Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №12 мекемесінің қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті.

Хатта ынтымақтастық және Ұлыбритания азаматы, сотталған Мохамед Баракатқа көмек көрсеткені үшін, елшілік консулдық бөлімнің атынан мекеме бастығы Ермек Күздеубай мен қызметкерлер Ернар Оразбаев пен Нұржан Мақұлжановқа алғыс білдіретіндіктері жайлы айтылған.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде республикамыздың демократиялық қағидаттарға және барлық халықаралық уағдаластықтардың мүлтіксіз сақталуына бейілділігін бірнеше рет декларациялады. Бұл постулат Қазақстанның біздің елде жазасын өтеп жатқан шет мемлекеттердің сотталған азаматтарының құқықтарын қамтамасыз етудегі ынтымақтастығына да қатысты. Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі қызметкерлерінің жазасын өтеп жатқан шетелдік азаматтарға қатысты басым міндеттерінің бірі, сөзсіз, біздің отандастарымызбен қатар олардың барлық заңды құқықтарын мүлтіксіз сақтау. Сонымен қатар, кейбір сотталғандардың осы ерекше тобының менталитетінің ерекшелігін түсіну қажет. Хатқа сүйене отырып, №12 мекеменің қызметкерлері осы күрделі міндетті ойдағыдай орындауда, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

 

– Мен Мохамед Баракатқа қатысты ерекше бір нәрсе жасадық деп ойламаймын-бұл біздің күнделікті жұмысымыз. Бірақ сонымен бірге біздің күш-жігеріміздің байқалғаны және бағаланғаны жағымды. Алғыс әлемдегі ең дамыған демократиясы бар ел елшілігінен келді. Әрине, шетелдік контингентпен жұмыс істеу кезінде икемділік қажет. Осылайша, осы сотталушымен жұмыс барысында тілдік кедергілер ескерілді-ағылшын тілді тілдік топты құру, оның мекеме қоғамына тез бейімделуі үшін барлық жағдайлар жасалды, – деп толықтырды мекеме бастығы Ермек Күздеубай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру