Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда түрмеге есірткі жеткізбекші болған күдікті қолға түсті

Таразда түрмеге есірткі жеткізбекші болған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі мен Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінің қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Іс-шара барысында қызметкерлермен мекеменің әкімшілік аумағына 4 полиэтиленді пакетке оралған өткір иісті, өсімдік тәрізді, жасыл түсті заттарды лақтырған ер адам анықталды. Ол 28 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.

Ол түзеу мекемесінің әкімшілік аумағына жалпы салмағы 327,39 грамды құрайтын кептірілген марихуананы лақтырған. Бірақ тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында оның жымысқы ойы жүзеге аспады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол Тараз қалалық ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру