Ұлытау облысы ПД-да консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті
Ұлытау облысы ПД-да консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлытау облысы бойынша полиция департаментінде департамент жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Аталған кеңесте, 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасы және жеке құрам арасындағы қоғамдық құқықтық тәртіп, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қозғалды.
Кеңесті облыстық ПД штаб бастығы Дәурен Ахметов жүргізді. Сонымен қатар кадр саясаты басқармасының бастығы Алдияр Әбішев, өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығы Абылай Ибрагимов, анықтау басқармасының бастығы Әділ Бахманов, құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Аманжол Рзамбетов, облыстық ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Мұқатаев, “Ұлытау” телеарнасының тілшісі Гүлім Маратқызы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Кеңеске қатысушылар ішкі істер органдарын реформалау нәтижелері, полиция қызметінің сервистік моделі, қылмыстық процестің үш буынды жүйесінің жұмыс принциптері секілді басты бағыттағы жұмыстардың негізінде сөз қозғады. Сондай-ақ полиция жеке құрамында тәртіп пен заңдылықты сақтау, қызметкерлердің тұрғындармен қарым-қатынаста әдептілік сақтауы, келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы ден қойып, шара қабылдауды қадағалау тапсырылды.
Кездесуде қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қызметкерлердің заңдылық пен тәртіпті сөзсіз сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі бойынша негізгі басты бағыттар айтылды. Кеңес соңында алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша міндеттер белгіленді.