Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында «Браконьер» ЖААІШ барысында 10 құқық бұзушы анықталды

Ұлытау облысында «Браконьер» ЖААІШ барысында 10 құқық бұзушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – браконьерлік фактілерінің жолын кесу және заңсыз аң аулау мен балық аулауға қарсы іс-қимыл жасау.

24 ақпан мен 3 наурыз аралығында Ұлытау облысы табиғатты қорғау полициясы табиғат қорғау органдарымен бірлесіп, үш мобильдік топ құрды, 6 рейдтік іс-шара ұйымдастырды. 5 балық кәсіпшілігі учаскелері мен су айдындарын тексерді.

«Браконьер» ЖААІШ барысында заңсыз аң аулау және балық аулау ережелерін бұзудың 6 фактісі анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 10 құқық бұзушы тартылды. Оның ішінде ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі бойынша 9 адам, ӘҚБтК-нің 383-бабымен бір адам анықталған. Тәртіп сақшылары азаматтарды тәртіпті сақтауға және табиғат қорғау аймағы саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру