Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жаяу жүргіншіден марихуана тәркіленді

Түркістан облысында жаяу жүргіншіден марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ ауданының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аймақта күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізеді. Осындай кезекті тексеру кезінде учаскелік полиция инспекторы Ж.Нағи көше бойында жүрісі күдік тудырған азаматты байқайды. Содан созақтық полицей тексеру барысында, орта жастағы ер адамның күртешесінің қалтасынан ақ түсті қағазға оралған есірткіге ұқсас затты анықтады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді. Жаяу жүргіншіден тәркіленген зат сараптамаға жолданды.

Тәркіленген зат 2 грамға жуық марихуана болып шықты. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру