Ұлытау облысында полицейлер арасында оқ атудан сайыс өтті
Жезқазған қаласының полиция басқармасында оқ атудан полицейлер арасында сайыс өтті. Сайыс «Арлан» арнайы мақсаттағы бөліністің 25 жылдығына арналды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайыс командалық және жекелей есеп бойынша өткізілді. Тартысты сайыстың қорытындысы бойынша Макаров тапаншасынан оқ атудан топтық жарыстан Сәтбаев қаласының полициясы бірінші орынға ие болды. ПД кадр саясаты басқармасы екінші орынға, Жаңаарқа ауданының полициясы үшінші орынды иеленді. Ерлер арасында Макаров тапаншасын атудан бірінші орынды Сәтбаев қаласының ПБ қызметкері А.Бабич алса, екінші орынды ПД КПБ қызметкері А.Дюсебаев, үшінші орынды ПД ППР қызметкері Ә.Төлебек жеңіп алды.
Әйелдер арасында бірінші орынды ПД ЭҚКБ қызметкері Ж.Асылбекова, екінші орынды Сәтбаев қаласының ПБ қызметкері Ш.Мұханбетжанова, үшінші орынды Жезқазған қаласының ПБ қызметкері А.Шалбаева иеленді. Жүлдегерлерді Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары Н.Ысқақов құттықтады.
– Қажырлы, ерлік, жауынгерлік рухты әріптестеріміз бүгінгі күні облысымыздың тыныштығын сақтауға, қала тұрғындарының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлесін қосып келеді. Сіздер кәсіби біліктіліктеріңізбен биік дәрежеге көтеріліп, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ер азаматсыздар! Осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға береке, бақыт тілеймін! Мерекеге орай, полиция департаментінің жеке құрамы арасында ұйымдастырылып отырған тапаншадан оқ ату сайысында үздік көрінген қызметкерлерді жеңістерімен құттықтаймын, – деді ол.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.