Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында полиция кең ауқымды челлендж бастады

Ұлытау облысы полиция департаменті халықты интернет-алаяқтардан қорғауға бағытталған ерекше жобаны бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері онлайн кеңістікте өздерін қауіпсіз ұстаудың қарапайым әрі тиімді тәсілдерін әрбір облыс тұрғынына жеткізуге арналған челленджді бастады.

Челлендж барысында полиция қызметкерлері көршілеріне киберқауіпсіздік бойынша пайдалы кеңес айтады.

Полиция департаменті Ұлытау облысының барлық тұрғынын челленджге қосылып, алған ақпаратты достары мен туыстарымен бөлісуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру