Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған спорттық іс-шара өтті

2 желтоқсанда Жаңаарқа аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған спорттық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шараға аудандық прокуратура, ішкі саясат бөлімі, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті, аудандық спорт бөлімі және Жаңаарқа ауданының Мансап орталығы филиалы өкілдері қатысты.

Жарыс бағдарламасына арқан тартыс, шахмат ойыны, күш сынасу секілді спорт түрлері енгізіліп, қатысушылар өз шеберліктері мен күш-жігерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болу үшін барынша ынта-жігермен күресті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы мадақтау қағаздары, медальдар және сыйлықтармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеуге, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға маңызды үлес қосатынын атап өткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру