Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында заңсыз балық аулағандар анықталды

Ұлытау облысында заңсыз балық аулағандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау ауданы аумағында жүргізіліп жатқан «Уылдырық» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ұлытау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Охотзоопром РМҚК инспекторларымен, сонымен қатар облыстық балық шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Ұлытау ауданының балық шаруашылығы су айдындарында броконьерлік фактілерін анықтау және алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Осы іс-шара барысында Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылына қарасты Құмшық көлі аумағында 45 жастағы және 42 жастағы екі ер азамат ұсталды. Автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде аталған автокөліктің жүк салғышынан 14 қапшыққа салынған балық және ау, бір қайық тәркіленді.

Аталған факт ҚР ҚК-тің 355-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша Ұлытау ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру