Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында қоғамдық қорғаушы тергеуге алынған адамға ақша алып кірмек болған

Маңғыстау облысында қоғамдық қорғаушы тергеуге алынған адамға ақша алып кірмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты тергеу изоляторының қызметкерлері келушіні тексеру барысында сырт киімінің қалтасынан ақша тапты.

– А. есімді азаматтан 10 мың және 5 мың теңгелік жалпы сомасы 15 мың теңге ақша алынды. Ол – қоғамдық қорғаушы. Өзінің қорғауындағы адамға келген, – деді ҚАЖД режим және қадағалау тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бағдәулет Масақбаев.

Осы дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабымен ылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру