Ұлытау облысында «Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы» іс-шарасы өтіп жатыр
Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен облыс аумағында 13 және 19 қараша аралығында Республикалық кең ауқымды «Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы» іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу, қала көшелері мен жолдарында балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Ұлытау облысы ПД жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Қамқор ана» байқауын ұйымдастырды.
Бүгін Жезқазған қаласындағы №11 орта мектепте ата-аналардың қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға жарық шағылыстыратын элементтермен безендірілген киімдерді ұсынып, жол ережесін сақтау жайлы мәліметтер берілді.
– Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қадағалау мақсатында, күнделікті киімінде жарық шағылыстырғыш элементтерді қолдану кешкі мезгілде көлік жүргізушілерге жаяу жүргіншілердің жүру бөлігіндегі балаларды көруге мүмкіндік береді, – дейді облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Арман Әбілқасымов.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» іс-шарасының жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен марапатталды.