Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында “Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы” іс-шарасы өтіп жатыр

Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен облыс аумағында 13 және 19 қараша аралығында Республикалық кең ауқымды “Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы” іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу, қала көшелері мен жолдарында балалардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Ұлытау облысы ПД жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері “Қамқор ана” байқауын ұйымдастырды.

Бүгін Жезқазған қаласындағы №11 орта мектепте ата-аналардың қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға жарық шағылыстыратын элементтермен безендірілген киімдерді ұсынып, жол ережесін сақтау жайлы мәліметтер берілді.

– Балалардың жолдағы қауіпсіздігін қадағалау мақсатында, күнделікті киімінде жарық шағылыстырғыш элементтерді қолдану кешкі мезгілде көлік жүргізушілерге жаяу жүргіншілердің жүру бөлігіндегі балаларды көруге мүмкіндік береді, – дейді облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Арман Әбілқасымов.

“Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” іс-шарасының жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру