Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының әкімі полицейлермен өңірдегі қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселесін талқылады

Ұлытау облысының әкімі полицейлермен өңірдегі қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның отырысында өңірдегі қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Облыстық ПД бастығы Қайыркен Әлиев ҚР Үкіметінің адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ отырыста Жезқазған және Сәтбаев қалаларының алаңдарында «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша осы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалды.

Тәртіп сақшылары жұмыс барысында мемлекеттік мекемелермен тығыз қарым-қатынас жасайтыны атап өтілді. Әкімдіктермен бірлесіп құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар тұрақты негізде өткізіледі. Ұлытау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев өңірдегі криминогендік жағдай тиімді алдын алу шараларының арқасында жақсарғанын атап өтті.

Жүргізілген талдауға сәйкес қылмыстардың 85%-ы жұмыссыз және әлеуметтік қорғалмаған азаматтар жасайды. Полиция департаменті жұмыссыздарды өңірде өткізілетін еңбек жәрмеңкелеріне жіберу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр. Учаскелік полиция инспекторларының бастамасымен 18 адам жұмысқа орналастырылды.

Полиция органдары кешенді профилактикалық тексерулер жүргізіп жатқанына қарамастан, қылмыстарды талдау көрсеткендей, барлық тұрмыстық қылмыстар алкоголь ішу кезінде жасалған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабыейрамханаларда, барларда және кафелерде сатудан басқа алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату) бойынша бойынша әкімшілік жауапкершіліктен құтылу құқығын беретін «дүкен» немесе «кафе-бар» қызметінің бағытын ажырату туралы мәселені көтерді.

Мас күйінде жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша 47 әкімшілік іс қозғалды және сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру