Алматы полициясы Орталық Мемлекеттік мұражайында өнер көрсетті
Алматы полициясы Орталық Мемлекеттік мұражайында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полициясы қала тұрғындарына мерекелік концерт ұйымдастырды. Қала полициясы департаменті ансамблінің солистері белгілі халық әндерін, патриоттық және эстрадалық шығармаларды орындады.
Көрермендер өздеріне таныс әуендерді тамсана тыңдап, рахаттана ән шырқады. ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған патриоттық іс-шараның авторы – ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайы.
– Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасу жолы туралы білім алу, еліміздің тарихына қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, патриоттық сезім мен өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, – деді науқан ұйымдастырушылары.
Алматы қалалық ПД-ның шығармашылық ұжымы 60 жыл бойы музыкалық-поэтикалық өнер арқылы жеке құрам арасында қызметтік және азаматтық борышқа адалдықты, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, бөлімшелерде салауатты моральдық-психологиялық ахуалды, қызмет тәртібін, жоғары адамгершілік қасиеттерін және эстетикалық талғамын қалыптастыруға көмектеседі.