Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлеріне “Мінсіз қызметі үшін” медалі табысталды

Ұлытау облысының полицейлеріне “Мінсіз қызметі үшін” медалі табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау ауданында Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шара өтті. Бұл шараға Ұлытау ауданы полиция бөлімі де қатысты. Мерекелік іс-шара таңбалы тасқа гүл шоқтарын қоюмен басталды. Орталық алаңда Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлерін еске алып, тыл ардагерлерін және олардың туған-туыстарын құттықтады. Іс-шара барысында полиция бөлімінің бастығы Руслан Ділмұхамедов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің бұйрығымен “Мінсіз қызметі үшін” екінші дәрежелі медалімен бір қызметкерді, үшінші дәрежелі медалімен үш қызметкерді марапаттады.

Мереке концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық спартакиадамен жалғасын тапты. Оның ішінде тапаншадан оқ ату, турникке тартылу, 100 метрге секіру жарысы, командалық эстафета сайысы, граната лақтыру сайыстарына аудан бойынша 8 команда қатысып, бақтарын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша Ұлытау ауданы полиция бөлімі жүлделі бірінші орынды иеленіп, аудан әкімі атынан сыйлықтармен марапатталды.

– Бұндай сайыстарға қатысып Ұлытау ауданы бойынша жүлделі орынға ие болу біз үшін үлкен мақтаныш. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді. Жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Келер ұрпақ әрқашан ата-баба жолын қастерлеп, ерлік жолында қаза тапқан батырлар рухына тағзым етеді. Ерлікті ешқашан ұмытпаймыз! Осындай ұйымдастырылып отырған іс-шараларға белсене қатысу – әр тәртіп сақшысының міндеті болып саналады, – деді Ұлытау ауданы ПБ басшысы Руслан Ділмұхамедов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру