Ұлытауда су басқан ауылдан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Ұлытау облысында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Өңірде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдысай елді мекенінде қардың көп еруіне және жер асты суларының деңгейінің жоғарылауына байланысты түнгі уақытта 8 үй су астында қалды. Ондағы су деңгейі 50 сантиметрге жетті.
Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың және ТЖ департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Жезді кентіне 20 адамды көшірді. Айта кету керек, қауіпсіз жерге жеткізілгендердің арасында 5 бала және 7 әйел бар. Сондай-ақ 80-нен астам ірі қара мен 20 ұсақ мал қауіпсіз жерге шығарылды.
Құтқару жұмыстарына 30-дан астам полицей мен 6 техника жұмылдырылды.