Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Қостанай академиясының жаңа басшысы таныстырылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының басшы құрамына оқу орнының жаңа бастығын таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәрменов Ақынқали Дәуітбайұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған. ІІО жүйесінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2018 жылы ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы болып тағайындалды, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының бастығы қызметін атқарды.

Тағайындау ротация тәртібімен жүзеге асырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру