Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар қалта ұрысын ұстады

Қостанайда полицейлер бірнеше ұрлыққа қатысы бар қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған азамат бірнеше қалта ұрлығын жасады деген күдікке ілінді. Қаскөй адамдар көп жиналатын орындарда өз әрекетін жүзеге асырған. Оның олжасы телефондар мен әмияндар болған.

– Мысалы, сауда үйлерінің біріне кіре берісте ол әйелдің сөмкесінен ішінде 40 мың теңге және 100 еуро болған әмиянды жасырын түрде қолды қылды. Біраз уақыттан кейін сауда орталығында ол 380 мың теңге тұратын смартфонды еш қиындықсыз жәбірленушінің күрткесінің қалтасынан ұрлап кеткен. Бір айда ол үш ұрлық жасады. Залал сомасы 600 мың теңгеден асты. Ұсталған адам өз кәнісін мойындады. Ұрлық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Қостанай қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін оған қатысты екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза қарастырылған.

Полиция азаматтарды қырағы болуға және өз мүлкін сақтау үшін қажетті шараларды ұстауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру