Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлаған ақшасына көлік сатып алған: Түркістан облысында күдікті анықталды

Полицейлер өзгенің көлігінен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлік ұрлығы қылмысын ашты. Белгілі болғандай, белгісіз тұлға туыстарына қонаққа келген ер адамның көлігіне ұрлыққа түскен. 

Оқиға болған күні иесі Volkswagen көлігін үй сыртында құлыптап тастап кеткен. Түнгі сағат 03:00 шамасында күдікті көліктің артқы терезесін сындырып, 3 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен. Ол ұрланған ақшаға өзіне ВАЗ автокөлігін сатып алған. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Яғни ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған тұрғын болып шықты. 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде көлік иесі Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне ұрлық оқиғасын жедел ашқандары үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру