Ұрланған құрылыс материалдарын сатпақ болған қарағандылық анықталды
Ұрланған құрылыс материалдарын сатпақ болған қарағандылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 тамызда 55 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне хабарласып, қоршау жасауға арналған алты шарбақты ұрлап кеткенін жеткізді. Үйдің ауласына үйілген материалдарды, түнде белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 66 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті 21 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол ұрланған мүлікті сатуды жоспарлағанын түсіндірді. Айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК 188 -бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.