Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған телефонмен 300 мың теңгеге несие рәсімдеген қызылордалық әйел анықталды

Көршісінің телефонын ұрлап, 300 мың теңгеге несие рәсімдеген қызылордалық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны жүгініп, үйінің асхана бөлмесінде тұрған белгісіз біреу ұялы телефонын ұрлап кетіп, банк қосымшасы арқылы құны 300 мың теңге болатын затқа ниесие рәсімдеп алғанын көрсеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өзінің көршісі болып шықты. Оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру