Қарағандыда гараж тонаған күдікті құрықталды
Қарағандыда гараж тонаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 маусымда 55 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне арыз жазды. Жәбірленуші әйел белгісіз біреу гараждың қабырғасын бұзып, сол жерде тұрған мүлікті ұрлап кеткенін түсіндірді. Шығын мөлшері 200 мың теңгені құрайды.
Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел-іздестіруде күдікті 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бастап қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.