Ұрланған телефонның банктік қосымшасы арқылы сауда жасаған ақтөбелік жігіт құрықталды
Ақтөбе облысында полицейлер өзгенің телефонының банктік қосымшасы арқылы 180 мың теңгеге азық-түлік сатып алған күдіктіні анықтап, ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға ақтөбелік азамат жақында ұрланған телефонның қосымшасы арқылы белгісіз тұлғаның дүкенде үлкен сомаға төлем жасағаны туралы өтінішпен жүгінді.
Полиция қызметкерлері бірден 19 жастағы жігітті анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол телефон ұрланғаннан кейін дүкеннен банктік қосымшаны пайдаланып, 180 мың теңгеге азық-түлік сатып алған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.