Ұрлық жасалғанын білмеген: Қарағандыда полицейлер тұрғынға ұрланған телефонын қайтарды
Қарағандыда полицейлер тұрғынға ұрланған телефонын қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мүліктік қылмыстар істеген бірқатар адамдарға терсеру жұмыстарын жүргізді. Рейд кезінде полицейлерден жасырынуға тырысып, күдік туғызған 38 жастағы әйелді ұстады.
Ұсталған әйел бірнеше күн бұрын бейтаныс әйелдің пәтерінен ұялы телефон ұрлап кеткенін мойындады.
Айғақты заттар алынып, полиция жәбірленушінің жеке басын анықтады. Бұл орын алған ұрлықтан бейхабар 54 жастағы қала тұрғыны болып шықты. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.