Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері тұрғын үйден ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады

Түркістан полицейлері тұрғын үйден ұялы телефон ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші азамат өзінің тұрғын үйіндегі бөлмесінде тұрған “Самсунг А50” маркалы ұялы телефонын белгісіз азамат ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған үйге бағыт алды. Полицейлер жәбірленушіден, сондай-ақ басқа да азаматтан, көрген-білгендерден сұрады. Нәтижесінде аз уақыттың ішінде күдіктіні тұрғылықты жерінен қолға түсірді. Ол жергілікті тұрғын әйел болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматшаның бас шарасы қолхатта. Бүгінде полицейлер күдіктіден жасырып қойған ұялы телефон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру