Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Қарағандыда пәтерден ірі көлемде ұрлық жасаған екі ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың 29 желтоқсанында Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз біреудің оның пәтерінен ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткенін айтып шағымданған болатын. Шығын мөлшері шамамен 3 миллион теңгені құрайды.
Полиция қызметкерлері оқиға орнында қалған іздер бойынша ұрлыққа түскендердің екеу болғанын анықтады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция осы қылмысты жасауға қатысы бар адамдарды іздей бастады.
19 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы ұрлықты жасаған екі жас жігітті ұстады.
Күдіктілер қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.