Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

74 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Атырауда көлігіне ксенон, лед шамдарын кондырған 74 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзушылар арасында алдыңғы жарық беру құрылғыларына ксенон, лед шамдарын қондырған автокөліктер анықталуда.

Мұндай жарық беру шамдары жолдың қарсы бағытында келе жатқан жүргізушілердің көздеріне шағылысып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді.

Осы орайда жыл басталғалы бері сыртқы жарық беру құрылғылары көлік құралының конструкциясы талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктерді жүргізіп жүрген, атап айтқанда көлігіне ксенон, лед шамдарын қондырған 74 жүргізуші анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мысалы, 2021 жылдың 17 қаңтары күні сағат 20:10 шамасында Азаттық көшесі 20-үйдің тұсында “Ваз 2110” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде 32 жастағы жүргізушінің көлік құралына ксенон шамы орнатылғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, 2020 жылы өңірде көліктеріне лед, ксенон шамдарын қондырған 400-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру