Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары марапатталды

Маңғыстау облысында жыл қорытындысы бойынша үздік тәртіп сақшылары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қызметте жеткен жетістіктері, өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін жедел-криминалистикалық, тергеу және анықтау қызметтерінің 19 қызметкері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Департамент бастығының бұйрығымен марапатталған қызметкерлерге жергілікті бөлініс басшылары марапаттарды табыстай отырып, оларға мықты денсаулық пен күш-қайрат, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру