Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішімдік ішкен жасөспірім ұсталды

Атырауда ішімдік ішіп, ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтар күні сағат 23:30 шамасында Исатай-Махамбет алаңында түнгі сағат 23:00-ден кейін тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген Қызылқоға ауданының 17 жастағы тұрғыны анықталды.

Тексерe кезінде аталған жасөспірімнің масаң күйде екені анықталып, ол Атырау қалалық Полиция басқармасына жеткізілді.

Жасөспірім өз кінәсін мойындап, достарымен бірге сыра ішкендігін айтып, өз әрекеттеріне өкінетіндігін жеткізді. Оның ата-анасы шақыртылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен  (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 2-бөлігімен (Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі) әкімшілік хаттама толтырылып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, профилактикалық әңгімелесу өткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда жүрген 20-ға жуық жасөспірім анықталса, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 1500-ге жуық жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру