Ұсақ бұзақылық жасаған павлодарлықтар жауапқа тартылды
Ұсақ бұзақылық жасаған павлодарлықтар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 сәуірде бірден 5 минуттық интервалмен 102 нөміріне үш қоңырау келіп түсті. Қызыл пальто киген әйел темекі шегіп, тротуарға темекі тұқылын лақтырды деп Торайғыров көшесімен келе жатқан қала тұрғыны хабарлады. Оқиға орнына жақын маңдағы автопатруль жіберілді, оны полиция қызметкерлері бірден байқады.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Осыған ұқсас бірнеше бұзушылық туралы қала тұрғындары хабарлады. Баян батыр көшесіндегі үйдің тұрғыны полицияға бесінші пәтердегі көршісінің кіреберісте темекі шегетінін, оның иісі пәтерге таралатынын айтты.
Volkswagen көлігінің иесі тағы бір ұсақ бұзақылық туралы шағымданды. Ол өтіп бара жатқан адамның ұрғанын және оның көлігінің әйнегіне түкіргенін айтты. Жүргізуші бұл әрекетті қолайсыз деп санады.
Аталған фактілер бойынша тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартты. Полицейлердің ақпараты бойынша осы жылы өңірдің 280-нен астам тұрғыны ҚР ӘҚБтК 434-бабының (Ұсақ бұзақылық) нормаларын бұзып, қоршаған ортаға құрметсіздік танытқан.