Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 сәуір күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне аумаққа қарасты дәмханалардың бірінің маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен белгісіз жүргізуші алдын ала болжам бойынша көлік басқаруына ие бола алмай қалып, 44 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші ол жерден ізін суытқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” жол-көлік оқиғасын жасаған 20 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктінің көлік жүргізу куәлігінің жоқ екені анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру