Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үш күн ішінде Арыста 152 құқық бұзушылық анықталды

Үш күн ішінде Арыста 152 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Басты мақсат – көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау болып табылады.

Іс-шараға облыс көлеміндегі барлық жергілікті полиция қызметкерлерінің полицейлері жұмылдырылды.

Арыс АПБ жеке құрамы іс-шара барысында 152 құқық бұзушылықты анықтады.
Тәртіп сақшылары сәуір айының 27-29 аралығында аудандағы қоғамдық қауіпсіздік сақтау ісі бойынша жан-жақты жұмыстарды жүргізді. Республикалық маңызы бар жолдардағы ауыр жүк көліктері мен жеңіл көліктерді, қала, аудан ішіндегі және шетел автокөліктерін бақылап, қадағалады. Карантин талаптары бойынша сауда орындары, ойынханалар, қоғамдық орындар мен адамдар көп шоғырланатын жерлер мен нысандарды мұқият тексеруден өткізді.

Іс-шара өткен үш күн ішінде жалпы құқықтық тәртіпті бұзған 152 азаматқа ҚР ӘҚБтК бойынша хаттамалар толтырылды. Олардың ішінде қоғамдық орындарда ішімдік ішкен тұрғындар мен автокөлікті мас халде жүргізген, қарама қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізушілер бар. Жол ережесін өрескел бұзғандар да жоқ емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру