Үш мал ұрлығы дерегі ашылды
«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шара барысында Шымкенттік полицейлер екі бас ірі қара малды «ізін суытпай» тауып, иесіне қайтарып берді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті қала тұрғыны ағымдағы жылдың 24 ақпан күні екі бас ірі
қара малы жоғалғандығы туралы арызданған, Еңбекші ауданы Полиция
басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ізін
суытпай» ірі қара малды тауып, иесіне қайтарып берді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы
жылдың 24-28 ақпан аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-
шарасын өткізуде. Кең ауқымды іс-шара осы салада жасалатын қылмыстардың бетін ашу мен осы бағыттағы жұмыстарды барынша жетілдіру және ұрланған малды жөнелтетін арнайы арналарды анықтау мақсатында жүргізілуде.
Шара барысында қала аумағында орналасқан 48 сауда орталықтары
және басқа да ет павильондары мен мал сою бекеттері, сондай-ақ мал және
мал етін тасымалдаушы 35 автокөліктің құжаттары тексерілді.
Жедел-профилактикалық іс-шараның екі күндік қорытындысы бойынша
жалпы үш мал ұрлығы дерегі ашылды.
Полиция қызметкерлері мал ұрлау жайттары орын алған жағдайда
полицияға уақытылы хабарласу қажеттігін ескертеді. Осы бағытта жұмыстар
жалғасуда.