Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үш жылға жүргізуші құқығынан айырылған жүргізуші анықталды

Жамбыл облысында 2020 жылдың 17 қаңтарында көлікті мас күйінде басқарудың кезекті дерегі тіркелді.

Жамбыл облысының полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов:  – Аталған тәртіп бұзушылықты Меркі ауданының полиция қызметкерлері анықтады. «БМВ» маркалы автокөлігін тексеру барысында көлік иесі Меркі ауданы тұрғынының  үш жыл мерзімге жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі біледі. Сонымен қатар, медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде масаң күйде болған,- деп мәлімдеді.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Жаңа заңнамаға сәйкес  аталған бап бойынша мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы белгіленген.

Қазіргі уақытта көлік жүргізушісі қамаққа алынып,  автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру