Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұсталушы азаматтарды халықты тіркеу регистріне тіркеу бойынша отырыс өтті

ҚАЖ мекемелерінде ұсталушы азаматтардың халықты тіркеу регистріне тіркеу бойынша бірлескен отырыс өтті ,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Департаментінде департамент бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлының төрағалығымен жедел кеңес өткізілді.
Жедел кеңес жұмысына Қызылорда облыстық прокуратурасы үкімдердің
орындалуын бақылау басқармасының бастығы Азамат Баянбайұлы, облыстық
полиция департаменті Көші- қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Камитбеков Сағындық Убайдуллаұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Бастапқы медициналық санитарлық көмекті» ұйымдастыру және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Қыдыралиева Әсел Қазыбекқызы, республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы облыстық филиалының сектор маманы Бидеров Ғалымжан Сағындықұлы, Еңбекті әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің №4 арнайы медицина әлеуметтік сараптама
бөлімінің бас маманы Байжігітова Гүлжазира Нұрғалиқызы, мекеме бастықтары,мекеменің жалпы сұрақтары жөніндегі орынбасарлары мен дәрігерлік бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жедел кеңесте күн тәртібіндегі сұрақ бойынша сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының аға маманы санитар дәрігері әділет аға лейтенанты М.Шайымбетова баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қамтамасыз ету, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жаппай медициналық сақтандыру қорынан алғашқы медициналық және жоғары мамандандырылған дәрігерлік көмек түрлерін алу үшін халықты тіркеу регистрі бойынша емханаға тіркеу жұмыстарына тоқталып өтті.
Одан соң,облыстық полиция департаменті Көші- қон қызметі басқармасы
бастығының орынбасары полиция подполковнигі Камитбеков Сағындық
Убайдуллаұлы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан шетелдіктерді
құжаттандыру бойынша түсіндірме берді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастапқы медициналық санитарлық көмекті ұйымдастыру және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы тергеу қамауындағылар мен сотталғандар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету шеңберінде медициналық көмек алу 15 категориясына кіретіндігін нақтылады.
Қазіргі уақытта, арнайы контингенттерді ХТР-ға тіркеу үздіксіз жүргізілуде. Бірлескен отырыста Азамат Баянбайұлы ҚАЖ мекемелерінде ұсталушы азаматтардың халықты тіркеу регистріне жүз пайызға тіркеу жұмысы бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру