Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған діни кітапты таратты деген күдікпен дүкен сатушысы құрықталды

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы дүкендердің бірінде облыстық экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері теологтардың Қазақстанда сатуға тыйым салынатын күмән туғызған діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі. Оқиға бойынша күдікті ретінде дүкеннің иесі 50 жастағы азаматшаға қылмыстық тергеу басталды.

“Діни сипаттағы кітаптар Қаскелен дүкендерінің бірінде табылды. Түрлі бағыттағы 36 кітап, сондай-ақ араб тілінде жазылған кәдесыйлар да тәркіленді. Кітап облыстық дін істері басқармасының куәгерлер мен теолог-инспекторларының қатысуымен алынды. Дүкен иесін полиция бөлімшесіне жеткізіп,жауап алды”, – деп хабарлады полиция бөлімшесінен.

Полиция деректері бойынша тергеу Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 174-баптың 1-бөлігіне  (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) сәйкес жүргізілетіні Қарасай аудандық полициясының тергеушілеріне тапсырылған.

“Қазіргі уақытта алынған барлық діни кітаптар сараптамаға жіберілді. Яғни, кітап мәтіндерінің мағыналық мәнін анықтау үшін сот-филологиялық сараптама тағайындады. Осы сараптамалардың нәтижесі бойынша тәркіленген кітаптарды елімізде тыйым салынған әдебиетке жатқызуға болады ма деген қорытынды шешім қабылданады”, – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Қазақстандық қылмыстық заңнамаға сәйкес 174-баптың 1-бөлігі “әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру” бойынша екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаны көздейді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру