Ұялы телефон ұрлаған шымкенттік бейнебақылау камерасы арқылы анықталды
Ұялы телефон ұрлаған шымкенттік бейнебақылау камерасы арқылы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.2021 жылдың 29 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» арқылы қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу Тұран мөлтекауданындағы көп қабатты құрылыс нысанында орналасқан үйінің жатын бөлмесіндегі құны 70 мың теңге тұратын «Huawei » маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Қаратау аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жергілікті жердің 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.