Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Алтын-Ордадағы” жанжал: ер адамдар татуласты

“Алтын-Орда” базарында болған қақтығыстың қатысушылары татуласты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 наурызында сағат 09.00 шамасында “Алтын Орда” базарының тұрақ алаңында жүргізуші мен тұрақ аумағының жұмыскері арасында келеңсіз оқиға орын алған болатын. Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу барысында оқиғаның екі қатысушысына қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Бұзақылық) бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.Сонымен қатар, Қарасай аудандық Полиция басқармасында тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жанжалға қатысушылар өз қателіктерін мойындап, бір-бірінен, сондай-ақ халық алдында кешірім сұрап, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы өтініш жазды. Олар жанжалдың тек жеке сипатта орын алуына байланысты Отандастарынан аталған тақырып төңірегінде талқылауды, пікірлесуді тоқтатуды сұрады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған адамдарға қатысты қылмыстық істер тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру