Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері базарларда жұмыс істейтін шетелдіктердің құжаттарын тексерді

Қарағанды облысының полицейлері базарларда жұмыс істейтін шетелдіктердің құжаттарын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурыз күні облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері ішкі көші-қон мәселелерін реттеу, елімізге заңсыз келіп жатқан шетелдіктерді анықтау және сот шешімін орындамағандарды жауапкершілікке тарту мақсатында қала төңірегіндегі базарларда шетелдіктердің құжаттарын тексерді. Негізінен Қарағанды қаласындағы базарларда жақын шетелдерден, яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжаннан келген азаматтар жұмыс жасайды.

Мәселен, іс-шара барысында көші-қон полиция қызметкерлерін көрген Өзбекстан Республикасының 36 жастағы тумасы, алдымен полицияға құжаттарымды жоғалтып алдым деп, өзге біреудің атын айтып ақталғысы келген. Алайда тексеріс барысында оның шын есімі анықталды.

Сондай-ақ, аталған азамат осыдан үш жыл бұрын соттың шешімімен Қазақстан Республикасынан депортацияланғаны белгілі болды. Дегенмен, азамат көші-қон заңын бұзып, Қарағандыға келген. Тексеріс жүргізу барысында жоғарыдағыдай заң талаптарын бұзған тағыда Өзбекстанның 29 жастағы азаматы анықталды.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар полицияның арнайы мекемесіне қамауға алынды. Жақын арада олар елден шығарылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру