Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұялы телефон ұрлығымен айналысатын күдікті құрықталды

Қызылордалық полицейлер ұялы телефондар ұрлаумен айналысатын ұрыны «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына екі қала тұрғыны ұялы телефондарының ұрланғаны туралы арызданды.

Тексеру барысында 19 қаңтар күні күндіз қаладағы базар маңында жәбірленушілердің қалталарынан «Айфон 6+» және «Самсунг» маркалы ұялы телефондарын белгісіз біреулердің ұрлап кеткені анықталды. 

Полиция басқармасының қызметкерлері кезекші тәулікте «ізін суытпай» телефон ұрлығына қатысы бар күдікті азаматты қолға түсірді.

33 жастағы күдіктінің  бұрын сотталған қала тұрғыны екені анықталды. Келтірілген шығын сомасы 360 000 теңге. 

Қазіргі таңда күдікті азамат  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру