Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында алкогольдік ішімдіктер сату ережелерін бұзғандар жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері алкогольдік өнімдерді сату кезінде сатып алушының жасын сатушы анықтауы керек деп хабарлады. Сатып алушы жеке басын куәландыратын құжаттың көмегімен өзінің жасын растаудан бас тартқан жағдайда, сатушы оған алкогольдік ішімдікті сатудан бас тартуға құқылы.

Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, 21 жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салуға және жазаны қатаңдатуға қарамастан, бұл талаптарды сатушылар әрдайым орындай бермейді.

– Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторлары тек бір ғана рейд барысында 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатудың үш фактісін анықтады. Мәселен, 16 қаңтарда сағат 12.40 шамасында Екібастұз қаласындағы Б.Момышұлы көшесіндегі дүкеннің 43 жастағы сатушысы сатып алушының жасын анықтамай, 18 жастағы қызға құны 340 теңге тұратын «GARAGE» маркалы алкогольдік өнімді сатты. Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  200-бабының 1-бөлігі (Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сол күні, сағат 17.00 шамасында Екібастұз қаласының дәмханаларының бірінде 16 жастағы екі жасөспірімге екі кружка сыра сату фактісі анықталды. Дәмхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200 – бабының 2-бөлігі (Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, өйткені бір жыл ішінде аталған мекемеде 21 жасқа толмаған адамға алкогольдік ішімдіктерді сатудың екінші фактісі анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция

Айта кету керек, 2021 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында алкогольдік өнімдерді сату жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін дүкендер мен дәмханалардың иелеріне қатысты 21 әкімшілік өндіріс қозғалып, жинақталған материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру