Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі уақытта көшеде жүрген бір топ жасөспірім ұсталды

Түркістан облысында қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ ЖПҚ ЮПТ қызметкерлерімен, Сарыағаш аудандық білім бөлімі, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері бірігіп, қоғамдық орындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Шара барысында Сарыағаш қаласының көшелерінің бойында сағат 22:25 шамасында бір топ жасөспірім ұсталған. Оларды тексеріп, куәландыру мақсатында Сарыағаш АПБ-ге жеткізген. Тексеру барысында бір топ баланың ішіндегі екі жасөспірімнің мас халде екендіктері байқалған. Содан соң сараптама тағайындалып, екі жасөспірімнің «орта дәрежелі» мас халде екендіктері анықталды. Орын алған оқиғалар негізінде тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған жігіттердің заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескертулер жасалды.

Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру