«Ваз-21074» жүргізушісі скутермен соқтығысты
Ақтөбеде скутердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 тамызда 45 жастағы «Ваз-21074» автокөлігінің жүргізушісі Әйтеке би мен Д.Қонаев көшесі қиылысында екінші дәрежелі жолдан шыққан кезде көлік құралына жол бермей, Қонаев көшесінің бойында кәмелетке толмаған 10 сынып оқушысының басқаруындағы «Мустанг» скутерімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутер жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.
Жүргізушілер екі дөңгелекті көлік құралдарымен соқтығысуға әкеп соғуы мүмкін маневр ережелері мен басқа да іс-әрекеттер жасау кезінде барынша сақ болуы қажет.
Автокөліктің немесе мотоциклдің артында отырып, жол қауіпсіздігі туралы ұмытпаңыз. Есіңізде болсын, жолдағы кез-келген күтпеген жағдай қайғылы жағдайға айналуы мүмкін.